«Қырғызстандық сейсмологтардың ұзақ мерзімді болжамына сәйкес, дәл қазір мұндай қауіп-қатерге негіз жоқ»,- деді ол.
Сонымен бірге сейсмологтар алдағы екі жылда Ферғана аңғарының оңтүстік бөлігінде қуаты 5-6 балға жететін жер сілкінісі болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Э.Мамыровтың айтуынша, жер қыртысындағы мұндай тербелістердің ықтималдығы туралы республика ғалымдарының зерттеулері көрсетіп отыр. 2005-2006-жылдары қуаты осындай жер асты дүмпулері Қырғызстанның оңтүстігінде де болуы мүмкін, дейді ол. Ал республиканың солтүстік аймақтары мен Ыстықкөл облысында қуатты жер сілкінісі болмайды.
Ғалымның айтуына қарағанда, Қырғызстанда жыл сайын 2,5-3,5 мың жер сілкінісі тіркеледі. Олардың басым бөлігін арнаулы өте сезімтал жабдықтар ғана сезіне алады. 2002-жылдан бері аймақта сейсмикалық процесстердің белсенділігі арта бастағаны байқалады, бірақ бұл әлсіз жер асты дүмпулерінің саны артқанын ғана меңзейді.
Э.Мамыровтың айтуынша, Қырғызстан ғалымдары Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімен ұдайы ақпарат алмасып отырады, түрлі мемлекеттердегі сейсмолог мамандардың болжамдары әдетте өзара сәйкесіп жатады.