Таяудағы жылдарда Қазақстанда 50 мыңдай ұстазды алмастыру қажеттігі туындамақшы - білім министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таяудағы жылдарда Қазақстанда 50 мыңдай ұстазды алмастыру қажеттігі туындамақшы - білім министрі

Таяудағы жылдарда Қазақстанда 50 мыңдай ұстазды алмастыру қажеттігі туындамақшы - білім министрі

Таяудағы жылдарда Қазақстанда 50 мыңдай ұстазды алмастыру қажеттігі туындамақшы. Бұл туралы бүгін, 15-сәуірде Астанада ҚР білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде министр Жақсыбек Күлекеев мәлімдеді.

  • 15 Сәуiр 2004
  • 357
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде еліміздегі мектептерде 300 мыңдай ұстаз еңбек етуде. Олардың 40 мыңы зейнетақы жасына тақап қалды, 6 мыңы зейнеткерлер, арнайы білімі жоқ 4 мыңдай адам салада жұмыс істеуде. Алдағы жылдарда бізге 50 мыңдай ұстазды алмастыру қажет. Оның үстіне 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкен кезде қосымша 30 мыңдай ұстаз қажет болмақ»,- деді министр.

Оның пікірінше, мұғалімдерді қайтадан дайындау ісіне баса назар аудару қажет. Кәсіби мұғалімдерді дайындау сапасын арттыру үшін жаңадан құрылатын педагогикалық жоғары оқу орындарының негізінде мұғалімдердің аймақтық мамандық жетілдіру орталықтары құрылады. Мұғалімдердің білім шыңдауына арналған қаржы жергілікті және республикалық бюджеттерде қарастыралады.
«Алдын-ала есеп бойынша, мұғалімдердің білімін жетілдіруге жергілікті бюджеттерде 345 млн. теңге, ал республикалық бюджетте 50 млн. теңге қарастыру қажет»,- деді Ж.Күлекеев.
Мамандық жетілдірумен бірге жоғары оқу орындарында кәсіби ұстаздар дайындауға арнап бөлінетін мемлекеттік тапсырыс көлемі де ұлғайтылады. Министрдің хабарлауынша, алдағы жылға мемлекеттік тапсырыс көлемі 5 мыңға артып, 8 мың мамандық бойынша тізім жасалды.

Соңғы жаңалықтар