«Таза Қазақстан» бастамасына 10 миллионнан астам адам қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Таза Қазақстан» бастамасына 10 миллионнан астам адам қатысты

«Таза Қазақстан» бастамасына 10 миллионнан астам адам қатысты

Республика бойынша 1 мыңнан астам экологиялық акция өткізілді

  • 27 Тамыз 2025
  • 8
Фото: Аст ана әкімдігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын және Мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы басталғаннан бері республика бойынша 1 мыңнан астам экологиялық акция өткізілді, оған 10,4 млн-нан астам адам қатысты, оның ішінде 586 мың ерікті.

— Жалпы 1,6 млн тоннадан астам қалдық жиналып, 859,6 мың га аумақ тазартылды, — деп нақтылады Ерлан Нысанбаев. 

«Таза Қазақстан» бастамасы азаматтардың жүйелі көзқарасы, саяси ерік-жігері мен белсенді қатысуы нақты жемісін бере алатынын көрсетті. Ел тұрақты экологиялық даму бағытын айқындап алға басады, бастама әрбір тұрғынның қоршаған орта үшін жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру үшін берік негіз жасайды.