«Тажалдың талтаңдап жүруіне қашанғы жол береміз?»: Танымал журналист Арселлор Миталл басшысының қызметтен кетуін талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Тажалдың талтаңдап жүруіне қашанғы жол береміз?»: Танымал журналист Арселлор Миталл басшысының қызметтен кетуін талап етті

«Тажалдың талтаңдап жүруіне қашанғы жол береміз?»: Танымал журналист Арселлор Миталл басшысының қызметтен кетуін талап етті

Белгілі журналист Ерқанат Көпжасар Қарағандыдағы «Арселлор Миталл Теміртау» басшысы Лакшми Миталдың қызметтен кетуін талап етті.

  • 18 Тамыз 2023
  • 86
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, тәуелсіздік жылдары дәл осы шахтада көптеген қазақстандықтар жылдар бойы жан тәсілім еткен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ойын ол желідегі парақшасында жазды.

«Қазақстандықтар қырылып жатса да бұл үшін өлгеннің өтеуі жоқ. Украина шахталарындағы шығын бізден үш есе көп болса да қазақтың қадірі бұл сұмырай үшін нольмен тең. Қанша адам қаза болды?! Бүгін тағы да үшеуі… Обалы кімге сонда?
 

Митталда ми көп. Бірақ қазаққа сый жоқ. Мұндай тажалдың талтаңдап жүруіне қашанғы жол береміз? Лакшмиды билік лақша шырылдатпаса халық өзі қолға алады!!!», — деп жазды ол.