Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстар салдарынан шекарашылар қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстар салдарынан шекарашылар қаза тапты

Тәжік-ауған шекарасындағы қақтығыстар салдарынан шекарашылар қаза тапты

Душанбе. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Тәжік-ауған шекарасында Душанбеден 250 шақырым жерде Шуроабад бағытында сенбіге қараған түні болған қақтығыстар салдарынан екі тәжік шекарашысы қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс".

  • 15 Қыркүйек 2008
  • 641
Фото - Caravan.kz

Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің шекара әскерлері бас басқармасының баспасөз орталығының хабарлауынша, «шекарашылар жасағы түнде тәжік жағына өтіп кеткен шекара бұзушылар тобымен бетпе-бет келіп қалған , олар шекарашылардың ескерту дабылдарына жауап ретінде оқ жаудыра бастаған. Соның салдарынан лейтенант Ибодулло Исоков пен қатардағы жауынгер Наврузмалик Каримов қаза тапты». Ауғандар арасындағы шығын жайлы ақпарат жоқ.

Баспасөз орталығының ақпаратына сәйкес, атыс екі сағатқа созылған, бұдан кейін Ауғанстан жағынан атумен қорғалған топ көрші аумаққа өтіп кеткен.

«Қақтығыс аймағына қосымша шекарашылар күші жіберілді, шұғыл іздестіру жұмыстары жүргізілуде», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар