Тәжікстан Ауғанстанда жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-шараларды қолдайды – Рахмонов
АЛМАТЫ. 17-маусым. Kazakhstan Today. «Тәжікстан Ауғанстанның халықаралық қоғамдастықтың тұрақты және өркендеуші мүшесі ретінде қайта түлеуіне көмектесу үшін, онда жүргізіліп жатқан қалпына келтіру жөніндегі халықаралық іс-шараларды қолдайды». Бұл туралы бүгін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының ІІ саммитінде сөйлеген сөзінде Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.