Тәжікстан бас прокуратурасы генерал-майор Абдухалим Назарзоданың мүлігін тәркілеуге кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Тәжікстан бас прокуратурасы генерал-майор Абдухалим Назарзоданың мүлігін тәркілеуге кірісті

Тәжікстан бас прокуратурасы генерал-майор Абдухалим Назарзоданың мүлігін тәркілеуге кірісті

Тәжікстан бас прокуратурасы генерал-майор Абдухалим Назарзоданың мүлігін жазып алуға кірісті,

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 520
Фото - Caravan.kz


    ол 4 қыркүйекке дейін республика қорғаныс министрінің орынбасары болған, шығарған бүлігі сәтсіз аяқталған соң, ол қазір елдің шығысында тау жақта тығылуда.
Сейсенбіде тәжік мемлекеттік телеарналары көрсеткен сюжетте генералдың дүние- мүлкі жария етілген, бүлік кезінде күштік құрылымдардың 18 адамы, бүлікшілердің 26 адамы қаза болған, билік генералдың кем дегенде 50 жақтасын ұстағандарын мәлімдеуде.
"Тергеу тобы анықтағандай, А.Назарзоданың диқаншылық шаруашылығы, жылқы фабрикасы, құс фабрикасы, Варзоб ауданында үш демалыс орны, астанада нан зауыты болыпты», деп хабарлады кадр сыртынан диктор.
Енді Тәжікстан билігі генерал бүкіл бизнесті заңсыз алған, деп мәлімдеуде.
"Оның Душанбеде "Лидер" спорт кешені, "Зайтун" мейрамханасы, "Бахтиёр" кафесі, Рудаки ауданында мал фермасы, астанада 5 үйі болған, сонымен қатар орталық көшедегі үш қабатты үйдің тұтас бір қабаты соған тиесілі болған», деп атап өтеді диктор.
Сондай-ақ генералдың үш әйелі болған, дейді канал дикторы.
51 жастағы А.Назарзода (Назаров) РФ Жалпы әскери академиясының түлегі, оны 2005 жылы бітірген.
2014 жылы қаңтарда Э.Рахмон оны Тәжікстан қорғаныс министрінің орынбасары етіп тағайындаған.
А.Назарзода көпшілікке танымал тұлға болмаған. Генералдың сонша жақтасты қалайша жиғандығы әлі айқын емес.

Соңғы жаңалықтар