Тәжікстан мен Қазақстан Ауғанстан проблемасын шешу ісінде ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан мен Қазақстан Ауғанстан проблемасын шешу ісінде ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді

Тәжікстан мен Қазақстан Ауғанстан проблемасын шешу ісінде ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан мен Қазақстан Ауғанстан проблемасын шешу ісінде ынтымақтастықты тереңдетуді көздейді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған келіссөздерден кейін өткен баспасөз мәслихатында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Мамыр 2008
  • 449
Фото - Caravan.kz

«Біздің толғандырып отырған басты проблема бұл Ауғанстанның саяси тұрақтылығының тезірек орнауы және елді қалпына келтіру бағдарламасының тезірек іске асуы. Тағы бір проблема есірткі оның контрабандасының жыл өткен сайын ұлғаюы. Осы мәселелер жабық есік жағдайында жақсылап, егжей-тегжейлі талқыланды. Біз бұл проблемалардың шешілуін бұдан былай да жалғастыра беретін боламыз», — деді Э. Рахмон.

Ол сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевтан Тәжік шекарашыларына мамандар даярлауда және есірткі саудасымен күрес ісінде күш жетерлік көмек көрсетуді өтінгенін хабарлады.

«Орта Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздік Ауғанстандағы жағдаймен тікелей байланысты», — деп атап көрсетті Тәжікстан Республикасының президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті