ҚР білім және ғылым министрлігі сейсмология институтының нақтыланған мәліметтеріне сәйкес, жер сілкінісі 8-қаңтарда 23 сағат 21 минутта Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында болған.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 660 шақырымда болды. Ал сейсмология институтының мәліметтері бойынша, Шымкент пен Таразда да 3 балл жер асты дүмпулері сезілді.
Құрбан болғандар, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті