Тәжікстан президенті Қазақстанға қыс маусымында қайырымдылық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан президенті Қазақстанға қыс маусымында қайырымдылық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді

Тәжікстан президенті Қазақстанға қыс маусымында қайырымдылық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдірді

Астана. 12 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қыс маусымында қайырымдылық көмек көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылық білдірді. Бұл туралы ол бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен бетпе-бет жүздескен кезде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Мамыр 2008
  • 421
Фото - Caravan.kz

«Мен тәжік халқының атынан бұрын -соңды болмаған әрі екі айдан астам созылған қытымыр қыстан Тәжікстан халқы қатты зардап шеккен сәтте көмек пен қолдау көрсеткеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздердің әрбіреулеріңіз көмек көрсетіп, қолұшын создыңыздар, біз бұны ешқашан ұмытпаймыз», — деді Тәжікстан президенті.

ҚР СІМ-нің хабарлауынша, Тәжікстандағы күрделі энергетикалық және экономикалық ахуалды ескере отырып, Қазақстан үкіметі ағымдағы жылдың ақпан айында 1,5 млн астам доллардың қайырымдылық көмегін көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті