Негізі Парламент заң жобасын18-ші желтоқсанда бірауыздан мақұлдап қойған. 16 баптан құратын құжатта бейбітшіліктің негізін қалаушы, ұлт көшбасшысы сынды ұғымдарға түсініктеме беріледі. Әрі онда бұл атақты иеленген адамның құзіреті мен құқығы бекітіліпті. Тіпті, енді Тәжікстан президентінің отбасысы да заң бойынша қорғалмақ. Яғни, Рахмон әулиетінің мүшелері мен мүліктеріне тиісуге болмайды.