Тәжікстан президентінің ұшағы Астана әуежайына қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан президентінің ұшағы Астана әуежайына қонды

Тәжікстан президентінің ұшағы Астана әуежайына қонды

Астананың халықаралық әуежайына Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның арнайы ұшағы қонды.

  • 14 Маусым 2011
  • 305
Фото - Caravan.kz

Қазақстан жағынан оны Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов бастаған ресми делегация қарсы алды.

15 маусымда ұйымның құрылғанына он жыл толуына арналған ШЫҰ-ның мерейтойлық саммиті өтеді.

Самитте ШЫҰ онжылдық декларациясын қабылдау жоспарланған, онда ШЫҰ аясындағы алдағы бірлескен жұмыстың бағыттары белгіленеді.

Сондай-ақ, ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің 2011-2016 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясы мен оны орындау бағдарламасын қабылдау көзделген.

Бұған қоса, ШЫҰ-ға мүше-мемлекет статусын алуға өтініш берген мемлекеттің міндеттері туралы меморандумға және ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

ШЫҰ – 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан басшылары құрған аймақтық халықаралық ұйым.

Соңғы жаңалықтар