Тәжікстан Республикасындағы еліміздің жаңа елшісі тағайындалды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы жаңа елшісі тағайындалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып Ерлан Әбілдаев тағайындалды.
Ерлан Әбілдаев бұған дейін үкіметте, соның ішінде сыртқы істер министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. Ол ҚР СІМ-нің Еуропа және Америкалық департаментіне жетекшілік етті. Сондай-ақ, индустрия және сауда министрлігінің инвестиция жөніндегі комитетін басқарды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін