Caravan Logo

Тәжікстан шекарашылары мемлекеттік шекараны бұзудың кезекті әрекетінің жолын кесті

Тәжікстан шекарашылары мемлекеттік шекараны бұзудың кезекті әрекетінің жолын кесті

"Әскери қақтығыс кезінде Ауғанстанның бір азаматы өлтірілді. Қалғандары қараңғылық құшағында шекаралас аумаққа қайта оралды", - деп хабарлады Тәжікстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара әскері бас басқармасының баспасөз орталығының бастығы Хушнуд Рахматуллаев.

Оның айтуынша, қолда бар мәліметтерге сүйенсек, контрабандашыларға жетекшілік жасаған Ауғанстан азаматы Наим Валади Назар.

Шекара әскерінің өкілінің хабарлауынша, оқиға орнында марихуана салынған 3 қап және апиын салынған 12 пакет табылған. "Алынған есірткінің жалпы салмағы қазір анықталу үстінде", - деп хабарлады Х. Рахматуллаев.