И.Саттаровтың хабарлауынша, Ұлыбритания Корольдығы мен Солтүстік Ирландияның Тәжікстандағы елшілігі Тәжікстан әуе компаниясының аталмыш қара тізімге қамтылғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарып, бар қателік Қырғызстанды Тәжікстанға шатастырып алған «Интерфакс-Еуропа» ақпараттық агенттігінде деп түсініктеме берген.
«Точикистон» мемлекеттік әуе компаниясы Ұлыбританияға мүлдем рейс жасамайтындықтан оған тыйым салып, «қара» тізімге қамтуға ешбір қисын жоқ»,- деді И.Саттаров. Ол Ресейлік «Интерфакс-Еуропа» ақпараттық агенттігінің бұл ақпаратты дайындауда жіберген салдыр-салақтығы агенттік қызметкерлерінің кәсіптік деңгейінің төмендігіне тікелей байланысты болуы мүмкін деп мәлімдеді. Өйткені, СІМ өкілінің айтуынша, Тәжікстан тақырыбында Ресейлік БАҚ-тарда жарық көрген мақалалар мен хабарламаларға талдау жасау барысында республика осындай жағдайға бірнеше мәрте тап келген.
«Сондай-ақ, Тәжікстан СІМ бұл хабарламаны «Интерфакс-Еуропа» ақпараттық агенттігінің нақты деректерді бұрмалау арқылы Тәжікстанға қара күйе жағу үшін жасаған қасақана қадамы деп санамайды. Сол себепті агенттік жоғарыда жарияланған ақпаратты теріске шығарған хабарлама таратады дегенге сенеді»,- деді И.Саттаров.