Тәжікстан СІМ-нің өкілі "Интерфакс-Еуропа" ақпараттық агенттігінің кәсіби деңгейі төмен деп айыптады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан СІМ-нің өкілі "Интерфакс-Еуропа" ақпараттық агенттігінің кәсіби деңгейі төмен деп айыптады

Тәжікстан СІМ-нің өкілі "Интерфакс-Еуропа" ақпараттық агенттігінің кәсіби деңгейі төмен деп айыптады

Тәжікстан СІМ-нің ақпарат басқармасының бастығы Игорь Саттаров "Интерфакс-Еуропа" ақпараттық агенттігінің кәсіби деңгейі төмен деп айыптады. Сыртқы саясат мекемесі өкілінің БАҚ-тарға арнап мұндай мәлімдеме жасауына "Интерфакс-Еуропа" ақпараттық агенттігі таратқан бір ақпарат себепкер болды. Онда агенттік Ұлыбритания үкіметі сегіз мемлекеттің әуе компаниясына өз еліне ұшып келуге тыйым салды, аталмыш сегіз мемлекеттің қатарында Тәжікстан да бар деген мәлімет жариялаған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Душанбе қаласынан.

  • 12 Қаңтар 2004
  • 504
Фото - Caravan.kz

И.Саттаровтың хабарлауынша, Ұлыбритания Корольдығы мен Солтүстік Ирландияның Тәжікстандағы елшілігі Тәжікстан әуе компаниясының аталмыш қара тізімге қамтылғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарып, бар қателік Қырғызстанды Тәжікстанға шатастырып алған «Интерфакс-Еуропа» ақпараттық агенттігінде деп түсініктеме берген.

«Точикистон» мемлекеттік әуе компаниясы Ұлыбританияға мүлдем рейс жасамайтындықтан оған тыйым салып, «қара» тізімге қамтуға ешбір қисын жоқ»,- деді И.Саттаров. Ол Ресейлік «Интерфакс-Еуропа» ақпараттық агенттігінің бұл ақпаратты дайындауда жіберген салдыр-салақтығы агенттік қызметкерлерінің кәсіптік деңгейінің төмендігіне тікелей байланысты болуы мүмкін деп мәлімдеді. Өйткені, СІМ өкілінің айтуынша, Тәжікстан тақырыбында Ресейлік БАҚ-тарда жарық көрген мақалалар мен хабарламаларға талдау жасау барысында республика осындай жағдайға бірнеше мәрте тап келген.
«Сондай-ақ, Тәжікстан СІМ бұл хабарламаны «Интерфакс-Еуропа» ақпараттық агенттігінің нақты деректерді бұрмалау арқылы Тәжікстанға қара күйе жағу үшін жасаған қасақана қадамы деп санамайды. Сол себепті агенттік жоғарыда жарияланған ақпаратты теріске шығарған хабарлама таратады дегенге сенеді»,- деді И.Саттаров.

Соңғы жаңалықтар