Тәжікстан сот білімі саласы бойынша Қазақстанның Жоғарғы сотымен ынтымақтастық орнатпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан сот білімі саласы бойынша Қазақстанның Жоғарғы сотымен ынтымақтастық орнатпақ

Тәжікстан сот білімі саласы бойынша Қазақстанның Жоғарғы сотымен ынтымақтастық орнатпақ

Тәжікстан Республикасының оқу орталығы мен «Еуропалық қайта құру және даму банкі» жобасы үзіліссіз сот білімін дамыту мәселесі бойынша Қазақстанның Жоғарғы сотымен әрі қарай ынтымақтасу туралы ұсыныс енгізді.

  • 28 Маусым 2011
  • 479
Фото - Caravan.kz

Жақында Душанбеде «Сот жүйесінің Орталық Азия елдеріндегі коммерциялық құқыққа қатысты әлеуетін дамыту» деген тақырыпта өткен халықаралық конференцияда осындай ұсыныс айтылды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының баспасөз қызметінен.

Бұл ынтымақтастықтың аясында Қазақстанның Жоғарғы сотында тәжік судьяларының тағлымдамасын ұйымдастыру мүмкіндігі қаралуда.

Конференция жұмысына Тәжікстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей елдерінің судьялары, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен бизнес-құрылымдардың, адвокатураның және т.б. ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиынға Қазақстанның атынан қатысқан судья Ұлбосын Сүлейменова ҚР Жоғарғы сот төрағасының конференцияға қатысушыларға жолдаған құттықтауын оқып берді және «Қазақстандағы сот білімі» тақырыбында таныстырылым өткізді.

Соңғы жаңалықтар