Тәжікстан ұлттық киім кию мен мемлекеттік тілді білуді заңмен міндеттеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан ұлттық киім кию мен мемлекеттік тілді білуді заңмен міндеттеді

Тәжікстан ұлттық киім кию мен мемлекеттік тілді білуді заңмен міндеттеді

23 тамызда Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы "Дәстүр мен салтты реттеу туралы заңға" өзгеріс енгізіп, ел азаматтарына ұлттық киім киюді міндеттеді.

  • 24 Тамыз 2017
  • 397
Фото - Caravan.kz

Заңның 14-бабының 4-бөліміне жасалған өзгеріске сәйкес "жеке және заңды тұлғалар ұлттық киім атрибуттарын сақтап, мемлекеттік тілді білуге және ұлттық киім киіп жүруге міндетті болады", деп хабарлады Азаттық радиосы.

Парламенттің отбасы мен әлеуметтік қорғау комитетінің төрайымы Хилолби Курбонзода 23 тамызда бұл заңды орындамағандардың жазаға тартылатынын айтты. Оның сөзінше, Тәжікстан үкіметі жуыр уақытта ұлттық киім киіп жүру тәртібіне қатысты арнайы қаулы әзірлемекші.

Жергілікті сарапшылар осындай жолмен билік органдары хиджаб киетін мұсылман әйелдерге ұлттық киімді таңбақшы деп санайды. Тәжікстан үкіметі бұған дейін бірнеше мәрте хиджабқа қарсы науқан жариялаған. Билік өкілдері заңға енгізілген жаңа өзгерту хиджабқа қарсы емес екенін, "тәжіктердің ұлттық мәдениеті мен дініне қайшы әдепсіз" киіну үлгілеріне қарсы жасалған шара екенін айтады.