Тәжікстан ұшағы қазақстанның әуежайына апатты жағдайда қонды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстан ұшағы қазақстанның әуежайына апатты жағдайда қонды

Тәжікстан ұшағы қазақстанның әуежайына апатты жағдайда қонды

Қызылорда әуежайына бүгін Тәжікстаннан Мәскеу бағытындағы жолаушылар ұшағы апатты жағдайда келіп қонды.

  • 23 Сәуiр 2015
  • 314
Фото - Caravan.kz


Қорғантөбе қаласынан ұшып шыққан "Боинг-737/400" Қызылордаға сағат 7:38-де жанармай құюға қонуы тиіс болатын. Бұл туралы облыстық әкімдік таратқан бүгінгі хабарламада мәлімделген.
Алайда бұл уақытта Қызылорда әуежайына ұшақ қозғалтөыштарының бірінде жанармай қысымының арту салдарынан ақау туындағаны туралы мәлімет келіп түскен.
Қажетті шаралар қабылданып, ұшақ әуежайға сәтті келіп қонды.
Бортта болған 165 жолаушы зардап шеккен жоқ. Олар «Қорқыт Ата» әуежайы ғимаратына және қалалық қонақүйге орналастырылды. Оларға барлық жағдай жасалды.
Ақауды жөндеу үшін Тәжікстаннан инженер-механиктер шақырылған. Жолаушыларды Мәскеуге басқа ұшақ алып кеткен.