Тәжікстанда 2 күн ішінде 17 содырдың көзі жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда 2 күн ішінде 17 содырдың көзі жойылды

Тәжікстанда 2 күн ішінде 17 содырдың көзі жойылды

Тәжікстанда арнайы операция барысында 2 күн ішінде 17 содырдың көзі жойылды, деп хабарлады www.24.kz.

  • 7 Қыркүйек 2015
  • 304
Фото - Caravan.kz

Тағы 40-қа жуық бүлікші қамауға алынған. Құқық қорғаушылар сондай-ақ ірі көлемдегі қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркілеген.

Еске сала кетейік, 4 қыркүйекте Тәжікстанның Қорғаныс министрлігінің орталық аппараты мен Вахдат қаласының ішкі істер бөліміне қарулы шабуыл жасалған еді. Мұның бәрін қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары, генерал Абдухалим Назарзода ұйымдастырғаны анықталды. Салдарынан ресми мәлімет бойынша 8 адам көз жұмған. Кейбір ақпарат көздері күштік құрылымдардың 33 өкілінің қаза болғанын хабарлады.

Шабуылдардан кейін генерал басқарған жасақ Рамит тау шатқалына жасырынған. Оларды іздестіру операциясы жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар