Тәжікстанда 2 мыңға жуық мешіт жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда 2 мыңға жуық мешіт жабылды

Тәжікстанда 2 мыңға жуық мешіт жабылды

Тәжікстанда осы күнге дейін заңсыз жұмыс істеп келген 1 938 мешіт жабылып, олардың орнына медициналық орталықтар, балабақшалар және шайханалар ашылды.

  • 6 Ақпан 2018
  • 269
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Дін істері бойынша комитеттің өкілі Хусейн Шокиров айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ASIA Plus сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, кей мешіттің жерге байланысты құжаты жоқ, ал екіншілері діни ұйым ретінде тіркелмеген.

«Адамдар мешіт салу үшін өздерінің жерлерін пайдаланған, бірақ құжаттарды ретке келтірмеген. Адам, алдымен, жердің құжаттарын реттеп, кейін ғана оны құлшылық ететін жерге айналдыруы тиіс. Тұрғындар бұл ғимараттарды мешіт ретінде қабылдағанымен, олардың ешқайсының құжаты дұрыс емес. Сол себепті, заң бойынша бұл ғимараттар мешіт қатарына кірмейді. Біз құжаттарды реттеуге уақыт бердік. Алайда иелері бұл уақытты тиімді пайдаланбағандықтан, олардың орнына мемлекеттік мекемелер құрылып жатыр»,  дейді Шокиров.


Дәл қазір 231 мешітке белгілі бір мерзім ішінде құжаттарды реттеуге рұқсат берілген.

 

Соңғы жаңалықтар