Республикалық сейсмологиялық стансаның ақпаратына қарағанда, жер асты дүмпуінің кіндігі Душанбеден оңтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым жерде Темірмәлік ауданында тіркелген.
Сейсмостансаның хабарлауынша, мұнда толқын қарқыны 4-5 баллға, ел астанасында Рихтер бағамы бойынша 2,5-3 баллға жетіпті.
ТР төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметіне сәйкес, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ.