Тәжікстанда ағымдағы жылы 80 тонна балық өндірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда ағымдағы жылы 80 тонна балық өндірілді

Тәжікстанда ағымдағы жылы 80 тонна балық өндірілді

Душанбе. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанда ағымдағы жылы 80 тонна балық өндірілді, бұл - жоспардың 110% , деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 25 Қыркүйек 2008
  • 357
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан ауылшаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, балық саласын дамыту үшін министрліктің жанынан «Мохии Точикистон» басқармасы құрылды. Қазір осы кәсіпорнымен қатар елде 18 балық өсіруші шаруашылық бар, оның 10-ы жекеменшік.

Тәжікстан үкіметі «Балық шаруашылығы саласын өсіру жөніндегі 2009 — 2015 жылдарға арналған бағдарлама» жасаған. Бұл бағдарлама аясында балық өсіретін бассейндер аумағы 15 мың гектарға дейін ұлғаюға тиіс, бүгінде балық өсірілетін су қоймалары 3 мың гектарды ғана қамтиды. Олар жылына 3,5 мың тонна ғана балық өндіре алады.

Тәжікстан су қоймаларында 65 балық түрі болса, шаруашылықтар небәрі 10 түрін ғана өсіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар