Тәжікстанда Ауғанстаннан 145 килограмм есірткіні контрабандалық жолмен өткізуге жасалған әрекетке тосқауыл қойылды
Душанбе. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Тәжік шекара әскерлерінің әскери қызметкерлері мемлекеттік шекараның Шуроабад бағытында 6 тамызда Ауғанстаннан Тәжікстанға ірі көлемде есірткі партиясын өткізуге жасалаған кезекті әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. |
Тәжікстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас басқармасының баспасөз орталығының бастығы подполковник Хушнуд Рахматуллоевтың айтуынша, шекара сызығындағы арнаулы операцияның барысында ұсталған Тәжікстан азаматынан 140 килограммнан астам гашиш, 5 килограмм героин мен оқ-дәрісі бар Калашников автоматы табылды.
Қазір қылмыстық іс қозғалып, қылмыскердің сыбайластары іздестіріліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін