Тәжікстанда Ауғанстаннан 145 килограмм есірткіні контрабандалық жолмен өткізуге жасалған әрекетке тосқауыл қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда Ауғанстаннан 145 килограмм есірткіні контрабандалық жолмен өткізуге жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Тәжікстанда Ауғанстаннан 145 килограмм есірткіні контрабандалық жолмен өткізуге жасалған әрекетке тосқауыл қойылды

Душанбе. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Тәжік шекара әскерлерінің әскери қызметкерлері мемлекеттік шекараның Шуроабад бағытында 6 тамызда Ауғанстаннан Тәжікстанға ірі көлемде есірткі партиясын өткізуге жасалаған кезекті әрекеттің жолын кесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

  • 7 Тамыз 2008
  • 406
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас басқармасының баспасөз орталығының бастығы подполковник Хушнуд Рахматуллоевтың айтуынша, шекара сызығындағы арнаулы операцияның барысында ұсталған Тәжікстан азаматынан 140 килограммнан астам гашиш, 5 килограмм героин мен оқ-дәрісі бар Калашников автоматы табылды.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, қылмыскердің сыбайластары іздестіріліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар