Тәжікстанда болған жер сілкінісінен үш жүзден аса үй қирады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда болған жер сілкінісінен үш жүзден аса үй қирады

Тәжікстанда болған жер сілкінісінен үш жүзден аса үй қирады

Тәжікстан астанасынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісінен 356 үй қирады, деп хабарлайды РБК. Алдын ала мәліметтер бойынша, құрбан болғандар жоқ, зардап шеккендер туралы хабар келіп түскен жоқ.

  • 11 Қараша 2013
  • 428
Фото - Caravan.kz

Ғылым академиясы геофизикалық қызмет мәліметтері бойынша, магнитудасы 4.0 соңғы дүмпу жергілікті уақыт бойынша бүгін таңертең сағат 07:05-те (Мәскеу уақыты бойынша 06:05-те) тіркелген. Жалпы алғанда Вахдат қаласының Карим-Исмоил, Раджаб-Исмоил, Бозорбой Борунов және Чорсу ауылдарында үш жер асты дүмпуі болып өткен. Олардың барлығының күші Рихтер шкаласы бойынша 4 балдан 5 балға дейін болған, деп айтып өтті сейсмологтар.

 Мемлекет басшысы Эмомали Рахмон жағдайды бақылауға алды.