Тәжікстанда "Достық-2008" арнайы операциясының қорытындысы шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда "Достық-2008" арнайы операциясының қорытындысы шығарылды

Тәжікстанда "Достық-2008" арнайы операциясының қорытындысы шығарылды

Душанбе. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің Шекара әскерінің бас басқармасында дүйсенбі күні тамыздың 4 мен 17-сі аралығында ТМД елдерінің аумағында өткен "Достық-2008" арнайы операциясының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 19 Тамыз 2008
  • 369
Фото - Caravan.kz

Тәжікстанның шекара әскерінің баспасөз орталығының басшысы подполковник Хушнуд Рахматуллаевтың хабарлауынша, аталмыш операцияның басты мақсаты Достастық аумағына заңсыз мигранттардың, лаңкестік топтардың енуінің, қару-жарақтың және есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесу болып табылады.

«Операция кезінде Тәжікстан шекарашылары мемлекеттік шекараны бұзудың 4 оқиғасының жолын кесіп, 3 контрабандашыны жойып, біреуін жаралап, төртеуін тұтқындады», — деп атап көрсетті Х. Рахматуллаев.

Оның айтуынша, операция кезінде сондай-ақ, мемлекеттік шекараны бұзудың 45 оқиғасы анықталып, 61 заң бұзушы қамауға алынып, заңсыз айналымнан 9 кг героин, 102 кг марихуана, 12 кг шикі апиын алынып, контрабандашылардан 16 оқпан, 22 снаряд, 24 жаяу әскерге қарсы мина және әртүрлі калибрдің 10 мың оғы тәркіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар