Тәжікстанда ел президенттігінен үміткерлерге мемлекеттік бюджеттен сайлау науқанына арнап 3600 сомони бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда ел президенттігінен үміткерлерге мемлекеттік бюджеттен сайлау науқанына арнап 3600 сомони бөлінеді

Тәжікстанда ел президенттігінен үміткерлерге мемлекеттік бюджеттен сайлау науқанына арнап 3600 сомони бөлінеді

ДУШАНБЕ. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. Тәжікстанда ел президенттігінен үміткерлерге мемлекеттік бюджеттен сайлау науқанына арнап 3600 сомони (1065 АҚШ доллары) бөлінеді, үміткерлерлі қолдауға бөлінетін қосымша қаржы 100 мың сомониден артуға тиіс емес. Тәжікстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының сайлауға дайындық мәселесіне арналған бірінші мәжілісі барысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Қыркүйек 2006
  • 397
Фото - Caravan.kz

Орталық сайлау комиссиясының шешімімен республикада 68 сайлау округі мен 3200 сайлау учаскесі құрылады. Сайлауды ұйымдастыру үшін әрбір округтік сайлау комиссиясының әрбіреуіне 300 сомониден, учаскелік комиссияларға 200 сомониден бөлді.

Үміткерлерді қолдаушылардың тиісті мөлшердегі қолын жинауға 20 күн белгіленеді.

Халықаралық бақылаушыларды аккредитациялау сайлауға 20 күн қалғанда, жергілікті бақылаушыларды аккредитациялау 10 күн қалғанда аяқталады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Тәжікстан президентінің сайлауы 2006-жылдың 6-қарашасына белгіленген. Тәжікстандағы тұңғыш президент сайлауы 1990-жылдың күзінде өтті. Ол кезде Кахор Махкамов сайланып, артынан отставкаға кетті. Тәжікстанның екінші президенті — Рахмон Набиев болды. 1994-жылы Эмомали Рахмонов республика президенті орынтағына отырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта