Тәжікстан мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Абдуфаттох Шариповтың хабарлауынша, «Маджлиси намояндагон маджлиси оли мен жергілікті халық депутаттары маджлисінің сайлауы мерзімін белгілеу туралы» тиісті жарлыққа Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонов Конституцияға, сондай-ақ, «ТР-ның маджлиси намояндагон маджлиси оли сайлауы туралы» және «Жергілікті халық депутаттары маджлисінің сайлауы туралы» Тәжікстан Республикасының Конституциялық заңдарына сәйкес қол қойды.
«ТР парламентінің жоғарғы палатасы — маджлиси милли маджлиси оли мүшелерінің сайлауы 24-наурызда өтеді»,- деді ТР президентінің баспасөз хатшысы.