Тәжікстанда мектеп оқушылары күзде де, көктемде де демалыссыз оқитын болды
Тәжікстандық мектеп оқушылары биыл да күзгі және көктемгі демалысқа шықпайды. Тәжікстанның Білім министрлігі қыс суық болады деген болжамдарға байланысты осындай шешім қабылдады. Бұл туралы сәрсенбі күні журналистерге Мектепке дейінгі және мектепте білім беру басқармасы бастығы жалпы Әбдусамад Муллоев мәлім етті. . |
«Биыл қыс ерекше суық болады деген болжам бар. Соған байланысты күзгі және көктемгі демалысты алып тастап, есесіне қысқы демалыс мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық», - деді Ә.Муллоев.
Енді оқушылар қаңтар айының 1-інен 31-іне дейін демалмақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін