Тәжікстанда мектеп оқушылары күзде де, көктемде де демалыссыз оқитын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда мектеп оқушылары күзде де, көктемде де демалыссыз оқитын болды

Тәжікстанда мектеп оқушылары күзде де, көктемде де демалыссыз оқитын болды

Тәжікстандық мектеп оқушылары биыл да күзгі және көктемгі демалысқа шықпайды. Тәжікстанның Білім министрлігі қыс суық болады деген болжамдарға байланысты осындай шешім қабылдады. Бұл туралы сәрсенбі күні журналистерге Мектепке дейінгі және мектепте білім беру басқармасы бастығы жалпы Әбдусамад Муллоев мәлім етті. .

  • 31 Қазан 2012
  • 390
Фото - Caravan.kz

«Биыл қыс ерекше суық болады деген болжам бар. Соған байланысты күзгі және көктемгі демалысты алып тастап, есесіне қысқы демалыс мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдадық», — деді Ә.Муллоев.

Енді оқушылар қаңтар айының 1-інен 31-іне дейін демалмақ.