Тәжікстанда президент сайлауы өтті - Республиканың ОСК - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстанда президент сайлауы өтті - Республиканың ОСК

Тәжікстанда президент сайлауы өтті - Республиканың ОСК

ДУШАНБЕ. 6 қараша . Kazakhstan Today. Тәжікстанда президент сайлауы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі республиканың Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

  • 6 Қараша 2006
  • 514
Фото - Caravan.kz

Тәжікстанның заңдарына сәйкес, сайлауды өтті деп қабылдау үшін дауыс берушілердің 50% қатысып, оған қосымша бір дауыс болса жеткілікті. «Қазіргі сәтте республика бойынша, сайлаушылардың 65% астамы дауыс берді»,-деп хабарлады агенттік тілшісіне ОСК.

Осыған дейін айтылғандай, Тәжікстан халқының саны шамамен 7 млн. Оның 3,2млн. дауыс беруге құқылы.

Президент тағына бес үміткер таласуда -Халық демократиялық партиясының жетекшісі, қазіргі президент Эмомали Рахмонов, Компартия ОК хатшысы, Тәжікстан маджлиси намояндагон маджлиси оли депутаты Исмоил Талбаков, Экономикалық реформалар партиясының лидері, Тәжікстан көлік институтының ректоры Олимджон Бобоев, Социалистік партияның төрағасы Абдухалим Гафаров және ауыл шаруашылығы партиясының жетекшісі Әмір Қарақұлов.

Тәжікстанның қазіргі президенті өзінің дауысын » бейбітшілік пен елдің өркендеуі үшін» беріпті. «Мен әдеттегідей бейбітшілік, ұлттық келісім, Тәжікстан халқының игілігі және елдің өркендеуі үшін дауыс бердім»,-деп мәлімдеді Эмомали Рахмонов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта