Рудаки ауданының Алибой, Кизиласкар және Ильич джамоата Зайнаб-биби қышлақтары жер сілкінісінен қатты зардап шеккен. «Мұнда 71 баспана толығымен қираған, тағы 233-іне жартылай зақым келді. Министрліктің берген мәліметіне сәйкес, жеке меншік тұрғын үйлерге келген шығын көлемі шамамен 330 мың сомани. 447 адам далада қалды, 1 мың 356 адам қазіргі кезде жартылай қирап қалған үйлерін паналауға мәжбүр. Сондай -ақ , зілзала салдарынан бес жалпы білім беру мектебі мен ұстаздарды дайындайтын кәсіби оқу орны, электр жалғастыру желісі мен инфрақұрылым зардап шекті». Апат орнында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Зардап шеккен аудандарда мемлекеттік комиссия өкілдері сараптама жүргізіп, ақтық қорытынды жасайды.