Тәжікстан президентінің жанындағы есірткіні бақылау агенттігінің хабарлауынша, тәркіленген есірткінің 1 тонна 266 килограммы - героин, 1,5 тоннасы - шикі апиын, 1 тонна 330 килограммы - канабис.
Агенттік қызметкерлері жарты жылда заңсыз айналымға қатысты 60 деректің алдын алып, 1 тонна 61 килограмм есірткілік заттарды тәркіледі, бұл өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 88% артық.