Тәжікстандағы Қазақстан елшілігі жетімдерге арналған мектеп-интернатқа қайырымдылық көмек көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжікстандағы Қазақстан елшілігі жетімдерге арналған мектеп-интернатқа қайырымдылық көмек көрсетті

Тәжікстандағы Қазақстан елшілігі жетімдерге арналған мектеп-интернатқа қайырымдылық көмек көрсетті

22-қазанда Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы елшілігі қайырымдылық шарасын өткізіп, Гиссар ауданындағы мүгедек жетім балаларға арналған Республикалық мектеп-интернатқа көмек көрсетті. Интернатқа ұн, күріш, жарма, өсімдік майы, қант, тәтті өнімдері қатарлы азық-түлік өнімдері жеткізілді.

  • 24 Қазан 2003
  • 832
Фото - Caravan.kz

Тәжікстандағы Қазақстан елшілігінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, мұндай көмек 25-қазанда атап өтілетін республика күніне орай көрсетіліп отыр. Қайырымдылық көмекті табыс ету шарасына Қазақстан Республикасының Тәжікстандағы төтенше және өкілетті елшісі Аманжол Жанкүлиев, Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің, «Қазақстан-Тәжікстан» достық қоғамы мен Гиссар аудандық білім беру бөлімінің өкілдері қатысты.

А.Жанкүлиевтің айтуынша, «мектеп-интернат ұжымының көмекке жүгінген өтінішін елшілік жерге тастамай, жетімдерді бір жебеуді ұйғарды». Елші мектеп интернат ұжымы мен ондағы балаларды екі елдің сан ғасырлар бойы бейбіт қатар өмір сүріп келген туыстас тарихы бар, бауырлас халықтары арасындағы достық байланыстарды нығайта түсуге шақырды.
Мектеп-интернат директоры С.Қадыров мектеп қызметкерлері мен тәрбиеленушілері атынан Қазақстан елшілігіне мүгедек жетімдерге көрсетілген қайырымдылық көмек үшін ризашылық білдіре отырып, ата-ананың аялы алақанынан ада қалған сәбилерге толыққанды көмек көрсете алмай ауыр жағдайда отырған мекемеге дәл дер кезінде көмек көрсеткеніне алғыс білдірді.
Қазіргі таңда интернатта тумысынан мүгедектік тауқыметіне ұшыраған 240 жетім тәрбиеленеді.

Соңғы жаңалықтар