Тәжікстан Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, сайлауға дауыс беру құқығы бар тұрғындардың 91 проценті қатысты.
Тәжікстанда 7 млн. халық тұрады. Оның ішінде 3,2 млн. адам дауыс беру құқығына ие.
Мемлекет басшысының орынтағы үшін бес үміткер додаға түсті. Атап айтсақ, Халықтық демократиялық партияның жетекшісі, қазіргі президент Эмомали Рахмонов, Коммунистиік партия ОК-нің хатшысы, Тәжікстан маджлиси намояндагон маджлиси оли депутаты Исмоил Талбаков, Экономикалық реформалар партиясының жетекшісі, тәжік транспорт институтының ректоры Олимджон Бобоев, Социалистік партияның төрағасы Абдухалим Гафаров пен Аграрлық партияның жетекшісі Амир Каракулов қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті