Тәжікстан Ислам орталығы Үлемдер кеңесінің шешімі діни қызметкерлер делегациясының Рогун ГЭС-іне сапарынан кейін қабылданды деп жазады centralasian.org.
Тәжікстан ислам орталығы Үлемдер кеңесі төрағасының орынбасары Усмонали Нуровтың 21 мамырда хабарлауынша, бұл фетваны муфти Саидмукаррам Абдулкодирзода шариғат заңдары негізінде шығарған.
"Құрылыс алаңдары мен тоннелдерді барып көрген уақытта, мұндай жағдайда ораза ұстау мүмкін емес екендігін түсіндік. Аптап ыстық, түтін, ауыр жұмыс… Жұмысшылардың дені 300 метр тереңдікте ауыр жағдайда жұмыс істейді. Фетва бойынша, құрылысшылар оразаны ыңғайы келген уақытта ұстай алады", — деді Усмонали Нуров.
Рогун ГЭС-інің құрылысында шамамен 20 мың адам жұмыс істейді. Олардың көпшілігі вахталық әдіспен 15 күн ауысып тұрады. Үлемдер кеңесі қалған 15 күнде ұсталмаған ораза күндерін өтеуге болады, бірақ ол келесі Рамазан айына дейін өтелуі керек деп отыр.
Рамазан айында ораза ұстау — Исламда бес парыздың біріне жатады. Бір айдың ішінде діндарлар күннің атысынан батысына дейін тамақ жемейді, су ішпейді, жыныстық қатынас жасамайды, жаман сөз айтпайды, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайды.
Оқи отырыңыз:
Елiмiзде 41 градус ыстық болады – Министр өрт қаупi жоғары екенiн айтты
Павлодарда кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді