Тәжікстанның мемлекеттік инвестициялық комитеті 15 шағын су электр станциясын салуға инвестор іздеуге байқау жариялады
Душанбе. 7 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанның мемлекеттік инвестициялық комитеті 15 шағын су электр станциясын салуға инвестор іздеуге байқау жариялады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия-Плюс" агенттігіне сілтеме жасап. |
Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік мүлікті басқару және инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетәінің хабарлауынша, бұл бастама елдің су энергетикалық әлеуетін толық пайдалану және осы саланы дамыту үшін жарияланып отыр. Жобалардың жалпы құны 12 млн АҚШ долларына тең.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін