«Тәжікстан Республикасы Конституциясының 67 бабына сәйкес, президент қызметіне кіріспес бұрын маджлиси милли (жоғарғы палата) және маджлиси намояндагон маджлиси оли (парламенттің төменгі палатасы) депутаттары алдында ант қабылдайды»,- деді жоғарғы палата төрағасының ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі көмекшісі Шакат Саидов. Оның айтуынша, жоғарғы палата спикері Махмадсаид Убайдуллоев 3 қарашада парламент палаталарының бірлескен отырысының төртінші шақырылымы туралы қаулыға қол қойғанын мәлімдеді. Ол Душанбеде 18 қараша күні өтеді.
Осыған дейін хабарланғандай, қазіргі мемлекет басшысы , Тәжікстанның Халық демократиялық партиясынан түскен үміткер Эмомали Рахмонов өткен сайлауда 79,3% пайыз дауыс жинап , келесі жеті жылдық мерзімге президент болып сайланды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті