Тәжіктерді мұнаймен емес, макаронымен мойындатқан: Алматы облысының әкімі қазақ экономикасын қалай өзгертуде? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тәжіктерді мұнаймен емес, макаронымен мойындатқан: Алматы облысының әкімі қазақ экономикасын қалай өзгертуде?

Тәжіктерді мұнаймен емес, макаронымен мойындатқан: Алматы облысының әкімі қазақ экономикасын қалай өзгертуде?

Мұнай бір күні бітеді. Ал адамзат макарон жеп, минералка ішуін тоқтатпайды. Сондықтан Алматы облысы ең тұрақты, болашағы бар тірлікті қолға алған.

  • 22 Тамыз
  • 14
Фото: ашық дереккөз

Біз Қазақстан экспорты тек шикі мұнай мен ферроқорытпалардан аса алмайтынына көндігіп алғанбыз. Тіпті кеше Германияға экспорт өсті деп жазғанда да, оның барлығы мұнай есебінен жүрген, деп жазды қаржы сарапшысы Айбар Олжаев. Caravan.kz медиа порталы толық тарқатады.

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға мемлекеттік сапары басталды. Екі ел соңғы 5 жылда өзара тауар айналымын 34 пайызға арттырған. Қазір көрсеткіш 1,15 миллиард долларды құрайды. Енді оны 1-2 жыл ішінде 2 миллиард долларға жеткізу жоспарланып отыр.

Біз бұл күндері тәжіктерге астық, газ, болат, алюминий, бензин сатамыз. Ал дайын өнімдерден Қарағандыдан шығатын Artel кір жуғыш машиналарын, макарон мен ролтон, минералка, газдалған сусын, сұйық май жеткіземіз. Тәжікстан үшін сауда серіктесі ретінде төртінші орындамыз.

Тәжікстаннан бізге сухофрукт, табиғи шырын мен жеміс-жидектер келеді. Тәжік жемістерінің тегін қызығын былтырдан бастап Астана халқы көре бастаған болатын.

Шикізат емес, осы дайын өнімдерді экспорттауда Алматы облысының маңызы жоғары. Өңірдің Тәжікстанмен тауар айналымында (2024 жылдың 5 айында 25,1 млн доллар) экспорт үлесі 99%! Яғни тәжіктерден ештеңе алмайды, есесіне жыл басынан бері 25 миллион долларға минералка, макарон, ролтон, сұйық май, балмұздақ сатқан.

Алматы облысы тоғыз жолдың торабында орналасқан мүмкіндігін ұтымды пайдалана білді. Халықаралық азық-түлік, бакалея (FMCG) алпауыттары Іле ауданында ірі зауыттар ашты. Danon, Lays, Mareven, Phillip Morris, Britich Tobacco, RG, JTI, Knauf — сіз жақсы білетін брендтердің барлығы осы Алматы облысында өндіріс ұстап отыр. Олар өнімдерін Орталық Азия, Таяу Шығыс елдеріне тұрақты түрде экспорттайды. Облыстағы отандық брендтер Шин-Лайн, Alinex, Galanz та позицияларын күшейтуде.

Мұнай бір күні бітеді. Ал адамзат макарон жеп, минералка ішуін тоқтатпайды. Сондықтан Алматы облысы ең тұрақты, болашағы бар тірлікті қолға алған. Әкім Марат Сұлтанғазиев барлығын дұрыс істеуде. Тек осыны оның қол астындағы кәсіпкерлікті реттеу мен дамытуға қатысы бар лауазымды тұлғалар стратегиялық тұрғыдан түсінсе болғаны.

Әлем алпауыты Pepsi құрамына кіретін Lays Ресейден кетіп қалды да, оның орнына үлкен чипсі зауытын Іле ауданында сала бастады. Ол зауыт ашылса, қазақтың Калифорниясы саналатын Алматы облысын ештеңе тоқтата алмайды. Ал визасыз режим ашылғалы бері оның ордасы Қонаевқа қаптаған Қытай ауқаттылары казино ойнау үшін қапшық-қапшық доллармен келе бастады.

«Ақшасы бар, инвестицияға жоба іздеп жүрген танысымыз кеңес сұрағанда, Қонаевтан жер, үй, ғимарат сынды активтер ала бер дедім. Ең тиімді инвестиция болатыны анық. Сіздер де Қонаевтан қазір арзан кезінде бірдеңелер алып қоюға асығыңыздар», — деп кеңес берді қаржы маманы.