Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында «Астана» халықаралық кинофестивалі бас директорының орынбасары Светлана Фиссен хабарлады.
Оның айтуынша, бұл фильмнің премьерасы Қазақстанда алғаш рет өтеді. Одан кейін ол халықаралық прокатқа түсетін болады. «Сондай-ақ француз режисеері Жюльен Леклерктің «Шабуыл» фильмінің гала-премьерасы ұйымдастырылады. Ал кинофестивальдің жабылу рәсімінде «Жаңа өрмекші адам» фильмі көрсетіледі. Ол да гала-премьера», — дейді С.Фиссен.
Жалпы, «Астана» кинофестивалі барысында 16 фильмнің көрсетілімі өтпек. Арнайы бөлім аясында «Өрмекші адам — 4», «Батыр жүрек» және «Қара киімділер-3» фильмдері қазақ тілінде көрсетіледі. Барлық кинотуындыларды «Азия парк» пен «Хан шатыр» ойын-сауық кешендерінде тамашалауға болады.
Айта кетейік, Бекмамбетовтың «Президент Линкольн: вампирлер аңшысы» картинасының әлемдік премьерасы 21 маусым күні өтеді.