Жиналыста аймақтағы биржалардың іс- қызметін технологиялық тұрғыда біріздендіру, қор рыноктарының индексін есептеу, өзара мәліметтер алмасу мәселелері талқыланады. Инвесторлар үшін Қазақстан мен Әзербайжандағы дамушы рыноктар туралы ақпараттар таратылады.
Сонымен қатар 26-27-мамырда Бішкекте құнды қағаздар рыногы бойынша конференция өтеді деп межеленген. Онда Еуразиялық рыноктарда «көгілдір фишкаларды» қалыптастыру мәселесі мәселесі сараланады.