Тбилисидегі бейберекетсіздікте екі адам мерт болып, 40-қа жуығы ауыр жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тбилисидегі  бейберекетсіздікте екі адам мерт болып, 40-қа жуығы  ауыр жараланды

Тбилисидегі бейберекетсіздікте екі адам мерт болып, 40-қа жуығы ауыр жараланды

Грузия астанасындағы билікке қарсы наразылық шарасының арты бейберекетсіздікке ұласып, екі адам мерт болды. Тағы 40-қа жуық шеруші ауыр жараланған. Марқұмдардың бірі – полиция қызметкері.

  • 27 Мамыр 2011
  • 380
Фото - Caravan.kz


Президент Михаил Саакашвилидің отставкаға кетуін талап еткен оппозиция жақтастары Тбилисиде апта басынан бері шерулетіп жатыр. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңындақала көшелерін ереуілшілерден тазартпақ болған полиция кеше Парламент алдында олармен қақтығысып қалған. Жапа шеккендердің арасында журналистер де бар. Билік:«Оппозицияның қолтығына су бүркіп, айдап салып жатқан – Ресей» -деп ашық мәлімдеді. Айта кетейік, шерудің басы-қасында жүрген қазіргі оппозиция жетекшісі Нино Бурджанадзе-кезінде Саакашвилимен қосылып, Шеварнадзені тақтан тайдырғандардың бірі. 

Соңғы жаңалықтар