Театр басшылығынан кеткен Сәбит Әбдіхалықовтың орнына Азамат Сатыбалды үміткер - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Театр басшылығынан кеткен Сәбит Әбдіхалықовтың орнына Азамат Сатыбалды үміткер

Театр басшылығынан кеткен Сәбит Әбдіхалықовтың орнына Азамат Сатыбалды үміткер

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма тетарының директоры Сәбит Әбдіхалықов лауазымды қызметтен кетті. Онымен келісімшартты бұзу туралы бұйрыққа ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қол қойған.

  • 3 Наурыз 2020
  • 134
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Аzattyq-ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

«С.Әбдіхалықов 28 ақпаннан бастап ресми түрде театр директоры емес. Сәбит заттарын жинап кетіп қалды, актерлармен қоштасқан жоқ. Теарда қазір өлі тыныштық. Оның бұрынғы орынбасары Әлібек Әмірсейітовті де министрлік орнынан кетірді. Негізі жақсы маман еді. Өткендегі дауға дейін Әмірсейітов директордың міндетін уақытша атқарып жүрген. Қазір қабылдау бөлімінде хатшы қыз директорсыз жалғыз отыр», — деді М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма тетарының баспасөз хатшысы Гүлім Рысқұлова.

Ал, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова болса ауырып тұрған адамға жұмыс жүктей алмайтынын, Сәбиттің өз өтініші бойынша жазылған арызға бұйрық шығарғанын айтты.  Министр қазіргі сәтте театрды басқаратын кәсіби білікті маманды іздеп жатыр екен.

«Бұрынғы директор (С.Әбдіхалықов – ред.) бюллетеннен шықты. Денсаулығына байланысты өз еркімен жұмыстан кету туралы арызы бар, соған бұйрық шығардым. Ауырып тұрған адамға қалай жұмыс істетеміз?! Қанша уақыттан бері бюллетенде жүрген адам екенін өздеріңізде білесіздер.  Оның орнында қазір өзінің орынбасары отыр. Жаңа директор жайлы қазір ақылдасып жатырмыз. Әкемтеатрға кәсіби біліктілігі жоғары маман басшылыққа келу керек», – деді министр Ақтоты Райымқұлова.


Қазіргі сәтте театрды уақытша басқару актер Жалғас Толғанбайға жүктелген. Даудан көз ашпаған әкемтеатрға осы аптаның соңына дейін жаңа директор тағайындалуы мүмкін. Қазіргі сәтте үш адамның аты үміткер ретінде қарастырылып отырған көрінеді. 

«Бізде қазір алыпқашпа сөз көп. Негізі наурыздың 4-не дейін жаңа директор тағайындалып қалуы мүмкін деген. Директорлыққа актер Азамат Сатыбалды, былтыр желтоқсан айында ғана ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атағын алған Еркін Жуасбек және актер Жалғас Толғанбай үміткер. Осы адамдардың біреуі басшылыққа келеді деген сөз бар», — деді баспасөз хатшысы.

Соңғы жаңалықтар