Театр саңлағы Хадиша Бөкеева өмірден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Театр саңлағы Хадиша Бөкеева өмірден озды

Театр саңлағы Хадиша Бөкеева өмірден озды

 93-ке қараған шағында Қазақстанның халық әртісі, КСРО халық әртісі Хадиша Бөкеева өмірден озды.

  • 1 Ақпан 2011
  • 809
Фото - Caravan.kz


БҚО-ның Қазталов ауылында дүниеге келген Хадиша Бөкеева алғашқы сахналық қадамын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған еді. 1938 жылы Ленинградтың мемлекеттік сахна өнері техникумының қазақ студиясын бітірген ол Шымкент облыстық қазақ драма театрында, ал 1942 жылдан Алматыдағы қазақ драма театрында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, ел есінде қалған талай рольдерді тамаша орындады. Ол сомдаған рольдердің ішінде Сәуленің (Әбішевтің «Достық пен махабаты»), Қарлығаның (Әуезовтың «Қобыланды»), Мехмене Банудың (Назым Хикметтің «Махаббат туралы аңызы»), Катаринаның (Шекспирдің «Укрощение строптивой»), Сәуленің (Т.Ахтановтың осы аттас туындысы), Тханьның (Куприяновтың «Звезда Вьетнама» туындысы) рольдері бар.

1957 жылы Қазақстанның халық әртісі, 1964 жылы КСРО халық әртісі атанған өнер саңлағы ұстаздық қызметпен де айналысып, профессор (1974) атағына ие болды. Елге танымал көптеген сахна шеберлерін тәрбиелеп, Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

Перейти к новостям спорта