Бұл пікір бүгін Алматыда өткен «Өркениет» халықтық университеті қоғамдық ұйымының Жас драматургтер мен сыншылар клубының алғашқы мәжілісінде айтылды.
«Пьеса қалай оқылса, тура солай қоя салатын режиссураның уақыты өтті. Тіпті ол күлкіге айналды. Драматургия да оңай шаруа емес. 30 беттік пьесса жазғанша 300 беттік роман жазған оңай. Оны баяндау бір басқа, әрекеттік сөз бір басқа. Сөз сөйлеу мәнерінде де әртүрлі жолдар бар. Айтылатын сөз, тыңдалатын сөз, оқылатын сөз бар. Олардың әсері әрқилы. Театрда айтылатын сөз болған соң алдыңда кемінде 300-400 адам отырған аудитоияда сөз сөйлеуге ерекше құқ, пәктік керек», — дейді Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов. ҚР Халық артисінің айтуынша, әдеби шығарма сахнаға шыққанда қойылым болады. Оның авторлары бөлек. Сондықтан олардың арасындағы қарым-қатынасты бір жүйеге келтіру керек.