Арнаулы жұмыс тобының екі күндік отырысына Иран, Әзербайжан, Қазақстан, Ресей және Түрікменстан сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары мен президенттердің арнаулы өкілдері қатысты.
Қорытынды коммюникеде атап көрсетілгеніндей, «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын талқылау мақсатындағы келіссөздер түсіністік жағдайында өтіп, кейбір мәселелер бойынша өзара мәмілеге қол жеткізілді».
«Тараптар Тегеран кездесуінің қорытындысына оң баға беріп, қабылдаушы жаққа ризашылық білдірді. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенциясының мәтінін түбегейлі келісу мақсатындағы конструктивті келіссөздерді жалғастыра беру қажеттігін атап өтті»,- делінген коммюникеде.
Кездесу барысында тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция жобасын жасаушы арнаулы жұмыс тобының кезекті ХҮІІІ отырысын Бакуде өткізуге уағдаласты.