Жарияланды: 460

Тегеранда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнайы жұмыс тобының 12-отырысы басталды

Бүгін, 9-желтоқсанда Тегеранда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнайы жұмыс тобының сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі 12-отырысы ашылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Отырыста Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын талқылау жұмыстары одан әрі жалғасады. Сондай-ақ, отырыс барысында тараптар қауіпсіздік, су қоймасындағы мұнайгаз қорын пайдалану, кеме шаруашылығы, балық шаруашылығы және экология мәселелерін сарапқа салады. Кеңес қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдау көзделіп отыр. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнайы жұмыс тобының 11-отырысы 2003-жылдың 8-қыркүйегінде Ашхабадта өткен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін