Тегеранда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнайы жұмыс тобының 12-отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тегеранда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнайы жұмыс тобының 12-отырысы басталды

Тегеранда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнайы жұмыс тобының 12-отырысы басталды

Бүгін, 9-желтоқсанда Тегеранда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнайы жұмыс тобының сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі 12-отырысы ашылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Желтоқсан 2003
  • 448
Фото - Caravan.kz

Отырыста Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын талқылау жұмыстары одан әрі жалғасады.

Сондай-ақ, отырыс барысында тараптар қауіпсіздік, су қоймасындағы мұнайгаз қорын пайдалану, кеме шаруашылығы, балық шаруашылығы және экология мәселелерін сарапқа салады. Кеңес қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдау көзделіп отыр.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі Конвенция жобасын жасаушы арнайы жұмыс тобының 11-отырысы 2003-жылдың 8-қыркүйегінде Ашхабадта өткен.

Соңғы жаңалықтар