Алғашқы кезеңде Геннадий Паршин жаттықтыратын қазақстандықтар Тайланд, Пәкістан және Жапония құрамаларымен бірге «С» тобында өнер көрсетеді. Онда өз тобында 1-2 орын алғандар одан кейін 1-8 орынға, ал өзгелері 9-16 орынға таласатын болады. Бас бапкер бұл дүбірлі додада ел намысын қорғауда — Әсет Базарқұлов (1987), Нариман Сүлейменов (1982), Марат Иманғалиев (1980), Нөдірхан Қадырханов (1991), Виталий Эрдштейн (1992), Нариман Әубәкіров (1989), Юрий Стулов (1980), Антон Юдин (1982), Александр Стольников (1988), Сергей Кузнецов (1993), Дмитрий Горбатков (1981) пен Виталий Мироненкоға (1985) сеніп тапсырмақ. Олар алғашқы кезеңде бірінші ойынын сәрсенбіде Пәкістанмен, ал жұма күні соңғы ойынын Жапония волейболшыларымен өткізеді.